«Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» курсының.



Өткізілетін уақыты: 5-9 қараша 2018 жыл.

Өткізілетін орны: Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі 51 үй, Оқушылар сарайы, сағат 9.00-12.40 және 14.00-16.00 аралығында өтеді (12.40-14.00 түскі ас).

Ұйымдастырушылар: «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі.

Курстың мазмұны: 2018 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» гранты аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау жұмыстарын жүргізуде.

         Курстың ІІІ – кезеңі Талдықорған қаласында болады. Аталмыш іс-шараға Алматы, Шымкент қаласының және Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының әр түрлі деңгейдегі ақпараттық - түсіндіру тобы мүшелері даярлау және қайта даярлаудан өтеді.

         Курс бағдарламасы 40 академиялық сағатқа және 5 күнге құрылған. Бағдарламаның негізгі жетістігі - дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы тұлғаларға қажетті теориялық біліммен қатар, практикалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталуында.

         Практикалық бағытта көпшілік алдында сөз сөйлеу, көпдеңгейлі тестілеуден өту курсқа қатысушылардың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін айқындауға жол береді. Оқу бағдарламасын толық меңгерген тұлға тұрғындармен жүргізілетін ақпараттық түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыра алатын экстремистік идеологияларға қарсы тұра алатын маман ретінде қалыптаса алады.

Қатысушыларға РАНТ мүшесі, дінтану магистрі Абуов Тұрар Түгелұлы, «Нұр-Мүбәрәк» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Сабдин Асқар Калимжанұлы, Коммуникация және ұлттық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының оқытушысы және ғылыми қызметкері Букашова Марина Тюлюгазовна, Философия ғылымдарының докторы, «Қазақстан дінтанушыларының конгресі» ҚБ төрағасы Сатершинов Болатбек Меңлібайұлы, «Intllekt Inkubator» қоғамдық қорының төрағасы, блоггер Джанаев Нұрлан Алламжарович, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, этнограф Ғалия Қайдауылқызы дәріс береді.



Видеоновости

Погода