«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы».



КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыруда.

2018 жылдың 29 қарашасында Астана қаласындажоба шеңберінде өтіп жатқан ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсының бесінші кезеңі аяқталды.

Аталмыш іс-шараға Астана қаласының және республикалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелігіне кіретін әр түрлі сала мамандары, соның ішінде: жалпы білім беретін негізгі мектептердің директорлары мен зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің оқытушылары, мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау органының өкілдері, спортшылар, азаматтық емес ұйымдардың және діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Семинар Президент әкімшілігі секторының меңгерушісі Шойкин Галым Нурмагамбетовичтің «Қазақстан Республикасының Конфессияаралық саясаты: сын-тегеуіріндері, мәселелері мен шешімдері. Дін мәселелері жөніндегі АТТ тиімділігінің мәселелері: қорытындысы және болашағы» тақырыбындағы сөз сөйлеуімен қорытындыланды.

Курстың соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды, соның ішінде, бірнеше қатысушыға Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитетінің «Республикалық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» және «Өңірлік дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі» деген арнайы куәліктері табысталды.



Видеоновости

Погода