Көкшетау қаласында дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау курсының үшінші күні аяқталды.



«Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыруда. 2018 жылдың 21 қарашасында Көкшетау қаласында жоба шеңберінде өтіп жатқан ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсының үшінші күні де сәтті өтті.

Бес күндік курстың үшінші күнінде қатысушыларға тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы Е.Есенгарев «Саясаттану. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты» тақырыбындағы дәрісінде елімізде жүргізіліп жатқан дін саласындағы мемлекеттік саясаттағы әр адамның орны, әсіресе ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қоғамдағы маңыздылығы туралы айтып өтті.Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Р.Чингужанов«Ислам негіздері. Ислам дінінің Қазақстан территориясында пайда болу тарихы» тақырыбы бойынша мәнді де мағыналы ақпараттар берді.



Видеоновости

Погода